Головкинмен трилогия алдында "Канело" UFC чемпионымен айқас туралы сөз қозғады

9 қыркүйек 2022 08:38
©DAZN

Мексикалық боксшы сауль "Канело" Альварес аралас жекпе-жектен UFC чемпионы болған Камару Усманның жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Сонымен қоса, мексикалық ММА файтерімен жекпе-жек туралы да ойын айтты, деп хабарлайды Actumma.com.
 
Тегі нигериялық файтер UFC 278 турнирінде британиялық Леон Эдвардстан жеңілді.

"Спортта мұндай болады. Әркім де жеңілуі мүмкін, мұны алдын ала біле алмайсың. Ол жеңіп жатты, бірақ, бір соққы бәрін шешіп кетті. Дегенмен ол әлі де өте мықты спортшы", - дейді "Канело". 

Сонымен қоса, ол Усманмен айқас туралы да сөз қозғады. "Қазіргі таңда емес, қазір мен ұлы айқастар өткізіп, тарихты жазғым келеді. Ал кейін бокстан кеткенде, ондай жекпе-жектер өткізуіме болатын шығар". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport