Головкинмен жаттықан кәсіпқой бокс әлемін дүркіретті

23 қыркүйек 2019 13:20
© ToFight.Ru
Орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Питер Киллиннің (34-2-1, 23 KO) мексикалық Альфредо Ангулодан (26-7, 21 KO) жеңілгені сенсацияға айналды.

Боксшылар өткен демалыста Бэйкерсфилде қаласында өткен бокс кешінде кездесті. Он раундтан кейін төрешілер бөлек шешім шығарды: бірі жеңісті Киллинге, ал өге екеуі Ангулоға берді.

Жеңілістен кейін амеркиалық ұстамдылық танытып, қатты сөздер айтпады. "Әйелім жұмыс істейтіні қандай жақсы, менің тапқаныма ғана қарап отырған жоқпыз. Командаммен отыра тұрамын. Ары қарайғыны шешеміз. Қазір бірдеңе деу қиын, алдымен өзім түсініп алайын. Көп нәрсе ойлауға болады. Бірақ бұл жанкүйерлер үшін мыты жекпе-жек болды", - дейді Куиллин Fox Sports эфирінде. 

Айта кетейік, Ангулоны былтырдан бері Абель Санчес жаттықтырады, сәуірде бұл бапкерден қазақстандық Геннадий Головкин кетіп қалған еді.

Мексикалықтың сөзінше, Санчеспен жаттығу оған көп көмек берген. "Жеңісті жанкүйерлерге арнаймын. Мексикалық жігерлікті рингте мұқалту қиын. Бес-алты жыл ес жиа алмай жүрген болармын. Қазір Абельмен өз негізіме оралдым. Әр жекпе-жек сайын дамып келемін. Келесі мұнан күшті болады", - дейді боксшы.