auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинді жеңгеннен кейін "Канело" миллиард долларлық жобамен келісімшарт жасасты

Головкинді жеңгеннен кейін "Канело" миллиард долларлық жобамен келісімшарт жасасты
© Fightnews.info
Орта салмақта WBC және WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) DAZN стримингтік қызметімен келісімшарт жасасты. Бұл туралы BoxingScene боксшының айналасындағы мәлімет көзіне сілтеме жасап хабарлап отыр. 

DAZN қызметіндегі алғаш көрсетілім Альварестің 15 желтоқсан Нью-Йорктегі Madison Square Garden шаршы алаңындағы жекпе-жегі болады.  Бұл күні мексикалық екінші орта салмақтағы WBA ұйымының regular чемпионы британиялық Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) жұдырықтасады. Стриминг қызметі мен боксшы арасындағы келісім бірнеше жекпе-жекке жасалады, алайда, дәл қанша екені нақтыланбаған. 

Мұның алдында Альварестің жекпе-жегі HBO арнасында көрсетілген, алайда, 2019 жылы телеарна трансляциясын тоқтатады. Соңғы екі жекпе-жегінде "Канело" қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқан. 

DAZN қызметіне жазылудың айлық құны 9,99 доллар, ал Альварестің соңғы он жекпе-жегі HBO және Showtime арналарында 65-тен 75 долларға дейінгі бағада көрсетілген. 

DAZN қызметінде боксқа британиялық промоутер Эдди Хирн жауапты. Мамырда ол құны миллиард доллар сегіз жылға есептелген келісімшарт жасасты. Келісім бойынша промоутер жылына 32 жекпе-жек өткізуі міндет. Айта кетейік, қазақстандық Данияр Елеусіновтың (3-0, 1 КО) ісін осы Хирн жүргізеді. 

Ал қыркүйек соңында Хирн DAZN қызметі бойынша Головкинмен де келісімшарт жасасқысы келетінін айтқан. Қазақстандыққа ESPN және Showtime арналары да қызығып отыр. Головкин 2012 жылдан бастап HBO арнасымен келісімде болған. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама