Головкин титулын рекордты қорғауға қалай жаттығып жатқанын көрсетті

7 желтоқсан 2020 09:20
Сурет: martialsport.ru

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Instagram желісінде келесі жекпе-жегіне дайындығының видеосын жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бар назарымды салдым", - деп жазылған видео астында.

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан таңғысын GGG польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жекпе-жек өткізеді. Холливудтағы бокс кешінің басты оқиғасы DAZN платформасында трансляцияланады.

Қазақстандық боксшы үшін бұл титулын 21-ші рекордты қорғау болады.