Головкин танымал блогер Джейк Пол туралы ойын ашық айтты

©instagram.com/gggboxing/

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) америкалық белгілі блогер Джейк Полды мүлде білмейтінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шынын айтқанда оның кім екенін мүлде білмеймін. Маған: "Ол жерге Джейк Пол да барады екен" дейді. Балаларым айтады. Мен қартайғаным сонша және ондайдан мүлде хабарсыз екенмін. Сондықтан ол туралы менімен сөйлеспей-ақ қойса да болады", - дейді Головкин журналист Ариель Хельваниге берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Джейк Пол бокста бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Әзірге ол кәсіпқой боксшылармен жұдырықтаспады, алайда, UFC ұймының экс чемпионы Тайрон Вудлиді екі рет жеңді. Сондай-ақ белгілі ММА файтері Бен Аскернді нокаутқа түсірген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport