Головкин "суперчемпионмен" айқас өткізу үшін Жапонияға жетті

©DAZN

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super белбеуіне ие Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға ұшып барды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 9 сәуір күні Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. 

Головкиннің Жапонияға жеткенін отандасымыздың промоутері Том Леффлер Instagram парақшасында жазды. 

"Қыран қонды. GGG-дің командасы Жапонияда. Головкин мен Мурата арасындағы айқасқа дайынсыздар ма?", - деп жазды Леффлер. 

Еске салайық, Головкин соңғы мәрте шаршы алаңға 2020 жылы желтоқсан айында шыққан еді. Ал оның қарсыласы болса соңғы рет 2019 жылдың соңында жекпе-жек өткізді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport