Головкин сияқты. Промоутер Жәнібектің жалғыз мүмкіндігін атады

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Тодд Дюбеф орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлына атағын шығару үшін Геннадий Головкиннің сүрлеуімен жүруге тура келетінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Оған Головкиннің ізімен жүруге тура келеді. Ол деңгейі жоғары емес боксшылардың дивизионында өнер көрсетуде - мықты деген жігіттер бір салмақ жоғары жүр. Сондықтан орта дивизионды шынымен мықты деуге келмейді. Міне сондықтан ол титулдарды біріктірмек. 

Көпшілік Жәнібекті Головкинге бір елден болған соң ұқсатады. Бірақ жоғары IQ мен табиғатынан бар мүмкіндіктерді де көруге болады. Әлімханұлы үшін қызықты уақыт басталды: ол тістеніп алып, алдында кім бар сонымен айқаса беру керек. Белсенді болып, ілгерілеп және жекпе-жекке шығам дегеннің бәрімен айқасу қажет - ақыры ол үлкен шу көтеріп, назарға түседі", - деп береді Дюбефтің сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар