Головкин салмағындағы қазақ боксшысы Америкадағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

©instagram.com/qara_batyr63/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Темірлан Райымқұлов (3-1-2, 0 КО) Америка Құрама Штаттарында алғашқы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Филафельфияда өткен бокс кешінде Райымқұлов америкалық Джедон Эрвинмен (1-0) кездесті. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған болатын Төрт раундың қорытындысы бойынша төрешілер 39:37, 39:37, 39:37 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Бұл Райымқұловтың кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі. Отандасымыз бір мәрте жеңілген. Эрвин өз карьерасында бір рет жеңіліс тапты. 

"Құдайға шүкір. Мен Промоутерлер көмегі мен қолдауы үшін рақмет айтамын. Мен өз мақсатыма жету үшін тек алға жүрем", - деп жазды Райымқұлов Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Райымқұлов 2019 жылдан бері бірінші кездесуін өткізді. Соңғы рет ол Ресейдің Геленджик қаласында швециялық Шади Гамурудан (12-0, 9 КО) жеңілген болатын. Сонымен қатар, ол Қазақстанда үш кездесу өткізген. 

Еске салайық, дәл осы орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) де өнер көрсетеді. 

 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: