Головкин салмағындағы чемпионның промоутері "Канеломен" келіссөз өткізуге АҚШ-қа келді

© Sportarena.com
Орта салмақта WBA "регуляр" титулына ие жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) промоутері Акихико Хонда төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек туралы келіссөз өткізу үшін АҚШ-қа келді. Бұл туралы talkSPORT спорт порталының редакторы Майкл Бенсон мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол бұл жекпе-жек Токиодағы 55 мың адам сиятын Tokyo Dome стадионында өтуі мүмкін екенін атап өтті. Оның үстіне бокс кешін жексенбі таңғысын де өткізу жоспарда бар, бұл АҚШ-тағы көрермендердің ыңғайына жасалып отыр. Ол кезде Амеркиада сенбінің кеші болады.  

"Канело" орта двивзион чемпионымен жұдырықтасады