Головкин салмағындағы әлем чемпионының келесі қарсыласы белгіленді

© isport.ua
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (28-0, 19 КО) канадалық Стивен Батлермен (28-1-1, 14 КО) титулын қорғайтын жекпе-жек өткізуге міндеттеді.

WBO ұйымының ресми сайтының хабарлауынша, боксшылар командаларына келіссөздерге 30 күн берілді, егер осы уақытт келісе алмаған жағдайда промоутерлік сауда белгіленеді.

Балтер қыркүйекте ұйым рейтингінде Геннадий Головкиннің орнын басып, WBО блебеуіне міндетті қарсылас атанды. Оған дейін қазақстандық тізімде бірінші болған, алайда, Деревянченкомен титулды жекпе-жекке байланысты ол рейтингтен уақытша шығып қалды. 

WBA артынан WBC Головкинді ТОП-15 рейтингінен шығарды, есесіне Жүкембаевты көтерді