Головкин өзінің карьерасына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

©DAZN

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) кәсіпқой бокстағы болашағына байланысты пікір білдірді, деп жазады The Sun басылымы. 

39 жастағы боксшы бұл мәлімдемесінде карьерасын аяқтамайтыны туралы айтты. 

"Шаршы алаңға шыққан әр сәтіме қуаныштымын. Мен әлі тыңмын. Күшім бар. Сондықтан мен ары қарай да карьерамды жалғастыра беремін. Жанкүйерлерге жақсы бокс көрсетіп, қарсыласты жеңуге қауқарым әлі жетеді", - деді қазақстандық боксшы. 

Еске салайық, Головкин келесі кездесуін 9 сәуір күні өткізеді. Жапонияның Сайтама қаласында өтетін жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы WBA белбеуінің иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport