Головкин Муратамен спарринг өткізгенін айтты

©vesti.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизионда WBA "суперчемпионы" Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек бокс жанкүйерлеріне нағыз сый болады деген сенімде.

"Бірінші кезекте бұл бокс кешін ұйымдастыруға қатысы бардың бәріне алғыс айтамын. Муратаның командасына да. Олар өте мықты - өзім көргенмін. Олар осының бәрін трансляциялайды. Бұл айқас - бокс жанкүйерлерінің бәріне үлкен сый. 

Менің де қаным азиялық, туған елім Қазақстан, Азияның кіндігі. Өз еліміздің намысын лайықты қорғап, жақсы жекпе-жек көрсетеміз деген ойдамын. 

Муратамен бірге спарринг өткізгеніміз рас. Карьерамыздың әр кезеңінде белгілі бір қиындыққа тап болып, басқа қырымыздан ашыламыз. Осы жолы екі команданың да жоспары тамаша, соны ұстанамыз. Бұл тамаша жекпе-жек көрсетіп, көрерменге сый жасауға көмектеседі", - дейді Головкин баспасөз мәслихатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар