Головкин - Мурата: Қазақстанда бокс кешінің тікелей трансляциясы басталды

©twitter.com/GGGBoxing

Қазақстанда Сайтамадағы бокс кешінің Live-трансляциясы басталды, бұл шоудың басты айқасында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тікелей көрсетілім Qazaqstan және Qazsport телеарналарында қолжетімді. Ал GGG - Мурата жекпе-жегінің өзі шамамен 18:10-да басталады.

Бокс кешін ашқан жекпе-жекте жергілікті Таига Като төрешілер шешімімен өзге жапониялық боксшы Хирока Амакиден басым түсті (39-36, 39-36, 39-36).

Екінші айқаста жапониялық Кадзуки Анагучи отандасы Рюдзи Ямамотоны техникалық нокаутпен жеңді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар