Головкин мен "Канело" трилогиясында тағы бір белбеу сарапқа салынады

5 қыркүйек 2022 16:48
©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жекте тағы бір белбеу сарапқа салынады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Екінші орта салмақта өтетін бұл айқаста WBC, WBA, WBO және IBF белбеулерінен бөлек, The Ring журналының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Бұл туралы журналдың бас редакторы Том Грэй хабарлады. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport