Головкин мен "Канело" арасында үшінші жекпе-жек өтетін себеп айтылды

Сурет: Force The Fight

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес DAZN стриминг қызметінен кеткенімен қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри осындай пікір білдірді.

"Канело" DAZN-нан кеткені Головкинмен жекпе-жекті алыстатып жіберді. Жақын арада бола қоймас. Жалпылай бұл Головкинге ұтымды емес, өйткені, "Канело" еркіндік алды. Ол енді өзіне қызықтыны таңдай алады. Өз тағдырын өзі шешеді. Дегенмен ол бір дүниені түсініп алу керек - ең табысты айқас тек Головкинмен. Бұл трилогия орта салмақтағы ең әсерлісі. Одан бас тартатындай емес, тым үлкен үлес. Алайда GGG "Канелоның" шартына келісу керек болады. Қалай дегенмен қыруар ақша көрері сөзсіз. Сондықтан үшінші жекпе-жек өтеріне сенімдімін", - дейді МакКаферри.