Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында соңғы рет көз арбасты

16 қыркүйек 2022 09:49
©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы қорытынды баспасөз мәслихатында кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар шаһарға келудің ресми іс шарасынан кейін бірінші рет бетпе-бет кездесті. 

Еске салайық, осы демалыста боксшылар үшінші рет жекпе-жек өткізеді. Бұл айқас T-Mobile спорт кешенінде, Қазақстан уақытымен ол 18 қыркүйек, жексенбінің таңында өтеді. Трилогияны елімізде Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей көрсетеді. Ал жекпе-жек алдында Қазақстан әнұранын Димаш Құдайберген орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport