Головкин Ковальчуктың боксқа икеміне бағасын берді

Видеодан жасалған кадр
Орта самақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинн (40-1-1, 35 КО) Ресейлік белгілі хоккейші Илья Ковальчуктің боксқа ептілігіне баға берді. 

Кеше ҰХЛ-дегі "Вашингтон Кэпиталз" клубының шабуылшысы GGG жаттығып жатқан залда болып, боксшының қадағалауында соққылар комбинациясын жасаған еді. Ал видеода бапкер болып тұрған Головкиннің дауысы анық естіледі. 

"Бапкер керек болады дейді. Келіспей гөр", - деп жазыпты Ковальчук Instagram желісінде.

"Машина", - депті Головкин жазба астындағы пікірде.



Айта кетейік, Ковальчук Головкинмен бірге түскен суреттерін жиі жариялайды. Екі спортшы да Лос-Анджелесте тұрады және жақын араласады.