Головкин командасындағы қазақстандық боксшы жағымсыз жаңалық естіді

©Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBО) жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа тізімде Геннадий Головкин командасындағы (GGG Promotions) Али Ахмедов екінші орта салмақ рейтингінің топ-15 тізімнен шығап қалды. Боксшы бұрын он бесінші болған еді. 

Бұл дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес. Топ-3 тізімде Деметриус Андраде (АҚШ), Эрик Базинян (Канада) және Диего Пачеко (АҚШ) тұр.

Ахмедов кейінгі рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, америкалық Габриэль Росадоны төрешілер шешімімен (үш қазы да 100-90 көрсетті) жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport