Головкин командасында. Жыл бойы рингке шықпаған қазақстандық боксшы жазаланды

©Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде топ-15 тізімнен шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін 13-орында болған Ахмедов тізімнен мүлде шығып қалды. Ал өзге қазақстандық боксшылар позицияларын сақтап қалған. Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов бесінші тұр, ал жеңіл салмақтағы Сұлтан Зауырбек - 13-орында. 

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, америкалық Габриэль Росадоны төрешілер шешімімен жеңген (үш қазы да 100-90 көрсетті).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport