Головкин кезекті жекпе-жегі алдында елге деген сағынышын немен басатынын көрсетті

©AP

Бүгін IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен айқас алдында 40 жасқа толған туған күнін атап өтуде, жазады Vesti.kz тілшісі.

Головкин инстаграм парақшасында Қазақстан шоколадымен шәй ішіп отырған суретін жүктеді.

"Қазақстандық шоколадпен өмір мәндірек", - деген жазба қалдырды Головкин.

 

Еске салайық, 9 сәуір күні Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы айқас елорда уақытымен 15:00 басталады. Тартысты жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар