Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Геннадий Головкин және Джонатан Бэнкс. Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегіне жаттығу лагерін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әдетте жекпе-жекке дайындық уақыты 40 күн. Бұл жаттығу лагері Головкин үшін биылдыққа Джонатан Бэнкстің бастауымен екінші болады. 

"Демалыс бітті, жұмысқа оралатын уақыт келді", - деп жазыпты Головкин Big Bear базасындағы суретін жариялап.