Головкин "Канелоның" жекпе-жектен қашатынын әшкере етті

©Los Pleyers

Орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің салмақ дәрежелерін үнемі өзгертіп отырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz

Головкин "Канело" осылай үшінші жекпе-жектен қашқақтайтынын жоққа шығармады. Жақында мексикалық екінші орта салмақта абсолют чемпион атанды.

"Салмақ дәрежелерін ауыстырудың басты себебі осы дегім келмейді. Бірақ мұның да негізі бар. DAZN алдында белгілі бір міндетті болғанына қарамастан, ол басқа жолмен жүргені ешкімге құпия емес, үшінші жекпе-жекті өткізгісі келмеді. Мұның бәрі оның қашқанын көрсетіп отырғандай. Дегенмен ол мұның бәрін мен үшін ғана істеді деп нақты айта алмаймын", - деп келтірді El Paso Times басылымы Головкиннің сөзін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: