Головкин "Канеломен" жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

©DAZN

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатына қатысты.

"Канело" сияқты қарсыласың болғаны жақсы. Бұл біз және бокс әлемі үшін ерекше айқас. Мен өз сөздерімнен бас тартпаймын. 17 қыркүйекте осы мәселені шешіп, барлық сұрақтардың нүктесін қоямыз. Айтылған-айтылмағанның бәрін жасаймыз. 

Әр боксшы жеңіске тырысады. Ал мұндай қарсыласпен тіптен барын салады. Шешілмеген мәселелеріміз бар", - дейді Геннадий. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport