Головкин? Ең бай 10 боксшының тізімі жарияланды

8 қыркүйек 2022 20:31
©fightnews

The Richest сайты 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең бай 10 боксшының тізімін жариялады. Боксшылардың көшін америкалық Флойд Мейвезер бастап тұр, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қалталы 10 былғары қолғап шеберінің арасында 17 қыркүйек күні Геннадий Головкинмен қолғап түйістіретін Сауль "Канело" Альварес те бар. Тізімге әр жылдары рингте талайды мойындатқан экс-чемпиондар мен қазіргі таңдағы үздіктер енді.

1. Флойд Мейвезер - 450 миллион доллар

2. Джордж Форман - 300 миллион доллар

3. Мэнни Пакьяо - 220 миллион доллар

4. Оскар Де Ла Хойя - 200 миллион доллар

5. Сауль "Канело" Альварес - 180 миллион доллар

6. Леннокс Льюис - 150 миллион доллар

7. Шугар Рэй Леонард - 120 миллион доллар

8. Владимир Кличко - 90 миллион доллар

9. Энтони Джошуа - 80 миллион доллар

10. Виталий Кличко - 80 миллион доллар

Бұл тізімде Қарағанды бокс мектебінің түлегі Геннадий Головкин жоқ болып шықты. Алайда "Канеломен" трилогиядан кейін отандасымыздың қалтасы миллиондаған долларға толады деп сенеміз.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар