"GGG шашылып қалады". Міндетті қарсылас атанған Еуропа чемпионы Головкинді жеңетін әдіс тауыпты

Сурет: FightNews.RU
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) IBF желісі бойынша міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) қазақстандықтты сөзсіз жеңетініне сенімді. Еуропа чемпионының сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр.

"Жаттығу лагерінің ұзаққа созылуы қателіктерімді түзеп, кемшілктерді жоюға мүмкіндік беріп отыр. Жекпе-жек уақыты? Білмеймін. Ол туралы ештеңе айтуға келмейді. Бір білетінім - Головкин командасы бірінші бізбен кездесу өткізуге кепіл берген, содан кейін ғана Альвареспен жұдырықтасады. 

Уақыт Головкинді жеңуге болатынын көрсетті. Мұны "Канело" Альварес жасады, Дэниэл Джейкобс осыған жақын болды, одан кейін Сергей Деревянченко да. Украиналық жақын жұдырықтасып, денеден соққы жасау жеңіс кілті екенін көрсетті. Головкин шашылып қалып, жеңілуі мүмкін", - дейді Шеремета TVP Sport тілшісіне. 

Айта кетейік, Камил Шеремета Еуропалық бокс одағының (EBU) чемпиондық титулына ие.