Геннадий Головкиннің кейінгі қарсыласы жаңа капасына Қазақстан туын бейнелеген

7 қыркүйек 2020 08:52
Сурет: DAZN
Орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Деревянченко жаңа капасын көрсетті. Онда Қазақстанның туы да бейнеленіпті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандікінен бөлек капада Украина, АҚШ және Италия тулары бейнеленген. Украиналық боксшы Қазақстанда "Астана Арландарымен" WBS-де өнер көрсеткен, ал Италияда Milano Thunder командасы үшін жұдырықтасқан. 

"Кәсіпқойда бәрінің өз мағынасы бар, кішкентай ғана бөлшектердің де", - деп жазыпты Деревянченко Instagram желісінде. 



Еске салайық, 26 қыркүйекте Деревянченко орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен жекпе-жекке шығады. Кейінгі кездесуінде украиналық боксшы төрешілер шешімімен қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген еді.