Есірткіге тәуелді болған "Канелоның" промоутері сексуалды зорлық бойынша істі болды

© xsport.ua
Амеркиалық әйел Golden Boy Promotions басшысы Оскара Де Ла Хойяны өзін 2017 жылы зорлап, соққыға жыққанын айтып, сотқа берді. Бұл туралы сот құжаттарына сілтеме жасап TMZ хабарлап отыр.

Жеке тұлғасын қорғау үшін Jane Doe лақап атын алған әйел Лос-Анджелес округінің жоғары сотына шағым түсірген. 

Құжаттарда ол өзін медбике болып істейтінін және Де Ла Хойямен 2016 жылы танысқанын көрсеткен. Олар екі жақты келісіммен жыныстық қатынаста болған. Алайда 2017 жылы промоутер оны Пасаденадағы үйіне шақырып, жолда есірткі қолданған. Осыдан кейін ол әйелге "біртүрлі сексуалды ұсыныстар" жасаған екен, бірақ, әйелдің бас тартқанынан ашуға мінген де, оны күшпен ұстап тұрған. Әйелдің айқайын мән бермеген Де Ла Хойя оған ішімдік ішуді ғана ұсынған. Ақыры әйел қашып кете алған.

Әйел адам сексуалды зорлық, гендерлік зорлық, қасақана эмоционалды стресс пен басқа да шығындардың өтемақысын талап етуде. 

Оскар бұрын кокаин мен ішімдікке салынып, бірнеше рет жеке клиникаларда тәуелділіктен емделген.