ESPN арнасы Головкин - "Канело" жекпе-жегі туралы күтпеген жағдайды хабарлады

Сурет: Allboxing
Оқиғаға араластығы бар мәлімет көзі DAZN стриминг қызметі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) жекпе-жектерінің жоспарын 2020 жылдан 2021 жылға шегеруі мүмкін екенін айтады. Бұл туралы ESPN телеарнасы хабарлап отыр. 

Бұл мексиалық боксшы британиялық Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) 2021 жылы мамырда жұдырықтасады, ал одан кейін Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) трилогияны қыркүйекте өткізеді дегенді білдіреді. Дегенмен қазір бірнеше вариант қарастырылып жатыр, бәрі коронавируспен жағдай қалай өрбитініне байланысты. 

Мұның алдында "Канело" қыркүйекте Сондерспен, ал желтоқсанда Головкинмен жекпе-жек өткізетіні айтылған. Алайда Альварестің командасы басқа да мүмкіндіктерді қарастыруда. 

Одан бөлек "Канело" биыл Сондерспен көрерменсіз жұдырықтасуға келісімін бергені айтылды. Ол уақытта Головкин польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы IBF титулын қорғау керек. 

Сауль Альварестің бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жектің нақты уақытын айтты