"Ешкім айқасқысы келмейтін жігіт". ESPN тілшісі Жәнібек туралы видео жариялады

©Top Rank

ESPN журналисті Марк Кригель Twitter желісінде Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) арналған видео жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Видеода орта салмақта WBO чемпионы атанған қазақ боксшының карьерасынан үзінділер көрсетілген. 

"Жәнібек Әлімханұлы. Qazaqstyle. Айту қиын, бірақ ағылшын тіліне жеңіл аударылады. "Ешкім айқасқысы келмейтін жігіт" дегенді білдіреді", - делінген жариялымдағы жазуда. 

Видеода Жәнібектің жаттығуынан бөлек, онымен жұдырықтасудан қашқан боксшылар көрсетілген. 

"Алдымен Андраде бас тартты, кейін Мунгия. Кез келген чемпионға 100 пайыз дайынмын", - дейді Жәнібектің өзі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар