Еш мүмкіндіксіз. Серік Теміржанов Олимпиадада әлем чемпионатының күміс жүлдегерінен жеңілді

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Серік Теміржанов Токио Олимпиадасында 1/8 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшымыздың қарсыласы 2017 жылғы ӘЧ жүлдегері америкалық Дюк Раган болды. Серік қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді. 

Мұның алдында қазақстандық боксшылардан Василий Левит, Абылайхан Жүсіпов және Надежда Рябец жеңілген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport