Ербосынұлының командасы Айдосқа қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/suleimen_promotions_official/

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды, қазіргі таңда ол тіпті өз бетінше қозғала да алады екен. Бұл туралы Адостың ісін жүргізетін Suleimen Promotions компаниясы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Бүгінгі таңда боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады, психикасы да жақсы күйде. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап беруде. Мамандардың сөзінше, Айдос жылдам сауғып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, отанына қайтуға мүмкіндік туатын сияқты. Сонымен бірге, Айдостың жұбайы да АҚШ-қа келді және оның қасында. Әрине, бұл ол үшін үлкен демеу", - дейді промоутерлік компания өкілдері. 

"Болашағынан айырды!". Маман Ербосынұлының ауыр халіне кінәліні атады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport