Елеусінов 14 нокауты бар "Қиратушымен" айқасқа шығуы ықтимал

©Fightnews.info

Жартылай орта салмақта IBO чемпионы Данияр Елеусиінов (11-0, 6 КО) британиялық проспект Конор Беннің (21-0, 14 КО) командасын қарсылас ретінде қызықтырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қиратушы" лақап атты британиялық боксшының ісін Matchroom басшысы Эдди Хирн жүргізеді, промоутер Елеусіновтің де жекпе-жектерімен айналысқан еді. Тараптар әлі келіссөз бастамады.

31 жастағы Елеусінов кейінгі рет желтоқсанда жұдырықтасып, аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-1, 4 КО) жеңген еді.

Ал 25 жастағы Бенн кейінгі айқасын сәуірде өткізген. Британиялық ол кезде ОАР боксшысы Крис Ван Хеерденді (28-3-1, 12 КО) нокаутқа түсірген. Конор қазіргі таңда WBC, WBA, IBF және WBO ұйымдарының топ-5 тізімінде екенін айта кетейік. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport