Экс чемпионның промоутері Әлімханұлымен айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

4 қыркүйек 2022 10:14
©Top Rank

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Лиам Смит (31-3-1, 18 КО) жекпе-жек мүмкіндігі туса Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) қашпайды. Бұл туралы британиялық боксшының промоутері Бен Шалом мәлімдеді. 

"Ол Жәнібекпен кездесуден қашпайды. Лиам ешбір айқастан бас тартпайды, әсіресе, әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жектен. Қазіргі таңда Жәнібектен бәрі босып кетуде. Мәселен, Андраде басқа салмаққа кетіп қалды. 

Орта дивизиондағы боксшылар онымен айқасты қаламайды, ал Лиам Смит - әлемдік деңгейдегі боксшы, сондықтан ол кез келген айқасқа сенімді шығады", - деп береді промоутердің сөзін Skysports.com.

Еске салайық, кеше Ливерпульде Смит танзаниялық Хассан Мвакиньоны (20-2, 14 КО) төртінші раундта жеңді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport