Джалоловқа Олимпиада басталмай жатып жүлде "беріп тастады"

©Kun.uz

Бокстан Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Баходир Джалолов Парижде сөзсіз жүлде жеңіп алатыны айтылды, деп жазады Vesti.kz. Мұндай ойды бокс туралы "неКАРАтэ" YouTube арнасының авторы айтты. 

"Болашағы өте зор және даңқты "Үлкен Өзбек", "Банда басшысы" Баходир Джалолов. Парижде Джалоловта жүлде болады. Бұған күмәнім жоқ. Кем дегенде жүлде, ал енді қандай болатынын көреміз. Бұл Олимпиада ойындары ғой. Мұнда бәрі болуы мүмкін", - дейді арна авторы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport