"Дивизионда ең мықты GGG". Головкиннен жеңілген боксшы "Канеломен" жекпе-жекке оқталды

Сурет: DAZN
Орта салмақта өер көрсететін украиналық Сергей Деревянченко (13-2-0, 10 KO) AB Boxing News порталына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілгеніне (40-1-1, 35 КО) еш өкінбетәнән айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жоқ, ол кезде жеңіс пен титулды маған бермегені үшін қапалы емеспін. Өзіме не үйрену керек екенін түсіндім. Меніңше Головкинмен кездескенім "Канеломен" жекпе-жек өткізуіме септеседі. Өйткені GGG - орта дивизиондағы ең мықты боксшы. Олар (Альварес пен Головкин) екі рет кездесті, екеуінде де теңдей түсті, менің де Геннадиймен жекпе-жегім жақсы өтті. "Канеломен" жұдықтасу мүмкіндігі болады деп ойлаймын. "Канело" және дивизиондағы басқа жігіттермен жекпе-жекке шығу қызық болар еді", - деді боксшы.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко жекпе-жегі 2019 жылы 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп, толық 12 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Головкин (114-113 және екі рет 115-112) жеңіске жетіп, орта салмақта IBF және IBO титулын иеленді.