Дина Жоламан да әлем чемпионатының жартылай финал жолдамасын иеленді

©ҚФБ

2016 жылғы Астанада өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Дина Жоламан Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

54 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының ширек финалда қарсыласы сербиялық Елена Зекич болды. Бұл кездесудің бірінші раундын 3:2 есебімен Жоламан өз пайдасына аяқтады. Екінші кезеңде сербиялық боксшы екі ескерту алып, 1:4 есебімен жеңілді. Ал үшінші раундтан кейін төрешілер жалпы 5:0 есебімен жеңісті біздің боксшыға берді. 

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық боксшылар арасында жартылай финалға Алуа Балқыбекова (48), Жайна Шекербекова (52), Карина Ибрагимова (57) және Валентина Хальзова (70) шыққан еді.

 Айта кетейіік, Ыстамбұлдағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесулері 18 мамырға  жоспарланған. Ал финалдық жекпе-жектер 19-20 мамырда өтеді.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport