"Деревянченко мықты". Қанат Ислам GGG мен украиналықтың жекпе-жегі немен аяқталатынын айтты

© tofight.ru
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (15-0, 11 КО) отандасы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Деревянченкомен жұдырықтасқанмын. Біріншісінде жеңдім, екіншісінде жеңілдім. Ол өте мықты боксшы. Бірақ Головкиннің деңгейі жоғары. Сергей ашық жұдырықтасуға ұмтылады, осы кезде Головкин айласын асырады. Головкинге сәттілік тілеймін. Ол еліиіздің атын шығарып жатыр", - дейді Ислам. 

Қазақстандық және украиналық боксшы 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында орта салмақтағы IBF титулы үшін жұдырықтасады.

Ал Қанат Ислам орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін 26 қазан "Алматы Аренада" намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жекпе-жек өткізеді.