Деревянченко Головкиннің мықтылығын мойындады

©DAZN

Украиналық Сергей Деревянченко (13-4, 10 KO) карьерасындағы ең ауыр айқас WBA Super, IBO, IBF чемпионы Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) қарсы болғанын мойындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрбір жекпе-жек қиын. Ең ауыр айқас Головкинмен болған шығар. Бұл кездесу маған ұнайды. Кімнің соққысы ауыр - Дэниел Джейкобс, Джермалл Чарло немесе GGG? Головкин. Дегенмен бұл кәсіпқой бокс, мұнда әрбір жігіттің соққысы ауыр, бар күшпен ұрады", - деп береді Деревянченконың сөзін FightHype.com.

Еске салайық, украиналық боксшы 2019 жылы Головкиннен төрешілер шешімімен жеңілген еді. Деревянченко бірінші раундта-ақ нокдаунға түскен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport