Данияр Елеусінов жекпе-жек алдында Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

11 қыркүйек 2019 09:24
Данияр Елеусінов. Сурет: Matchroom
Олимпияда чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) Нью-Йорктегі бокс кешінің өзге де қатысушыларымен бірге ашық жаттығу өткізді.

13 қыркүйек Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында Елеусінов 34 жастағы жеңілмеген америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.




Елеусінов - Хикс кездесуі жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салатын америклық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) жекпе-жегінің андеркартында өтеді. АҚШ-та өтетін бұл шоуды DAZN стриминг қызметі трансляциялайды.