Данияр Елеусінов 25 нокауты бар "құтырған" мексикалықпен жекпе-жекке шығады

Matchroom Boxing©

Данияр Елеусіновтің жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионы келесі айқасында "Crazy" (есі ауысқан, ессіз, құтырған) лақап атты 33 жастағы мексикалық Данте Хардонмен жұдырықтасады. Алдағы айқас мексикалық үшін биылдыққа үшінші жекпе-жек болады. Мұның алдындағы екеуін де ол нокаутпен жеңген. Соңғы айқасында IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған. 

Сонымен бірге, ол карьерасында WBC Youth (әлемнің жас чемпионы), WBC Continental Americas, WBC International және WBO Latino титулдарын иеленген. Ал 2013 жылы ол екінші жартылай жеңіл салмақта WBC белбеуі үшін Жапонияда жұдырықтасып, жергілікті Такаси Миуреден жеңілді. 

Жалпы Хардон есебінеде 34 жеңіс (25 нокаут) және жеті жеңіліс бар. Жартылай орта дивизион рейтингінде ол 88-орында, ал Данияр 32-ші болып тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport