"Чемпиондықты қорғағым келмейді". Әлімханұлы мәлімдеме жасады

©Ring Magazine

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі айқасын осы қыста өткізгісі келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыста Жәнібек германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, IBF титулын жеңіп алды. 

"Барлық төрт белбеуге қол жеткізбейінше тойлай алмаймын! Маған WBC мен WBA керек! Ақпанда осыны ұйымдастырайық! Мен белбеулерімді қорғағым келмейді! Маған басқа титулдар қажет! Кез келген чемпионды нокаутқа түсіремін!", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар