Чарло мен Деревянченконың WBC чемпиондығы үшін жекпе-жегіне тікелей трансляция

26 қыркүйек 2020 16:27
Сурет: EssentiallySports

26 қыркүйек АҚШ-та бокс кеші өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) мен титулға үміткер украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар кеше салмақ өлшеу рәсімінен өтті: таразыда америкалық 72,25, ал украиналық - 72,34 келі көрсетті.

Бұл кездесуді Қазақстанда "Хабар" арнасы тікелей көрсетеді. Трансляцияның басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 27 қыркүйек таңғы 07:00. 

Айта кетейік, Деревянченко кейінгі рет 2019 жыллдың қазанында жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілген еді.