Cадриддин Ахметовтың келесі кездесуінің уақыты белгілі болды

Садриддин Ахметов. Сурет: twitter.com/HH_boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (12-0-0) келесі кездесуін 16 шілде күні Канаданың Шавиниган қаласында өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыздың қарсыласы әзірге белгісіз. 

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Ахмедов голландиялық Стефен Даньоны (18-4-3) төрешілер шешімімен жеңіп, бірінші орта салмақтағы өңірлік WBA Continental, WBC Franchophone және NABF титулдарын жеңіп алған болатын.