"Бірінші раундта...". UFC жұлдызы Канело - МакГрегор айқасында не болатынын айтты

©sport24.ua

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Генри Сехудо мексикалық Сауль Канело Альварес пен ирландиялық Конор Макгрегор жұдырықтасса не болатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело МакГрегормен айқасуға дайын екеніне кепіл беремін. Неге дейсіз бе? Ол үшін бұл оңай ақша. Канело оны бірінші раундта-ақ, ары барса екіншісінде тоқтатады, бейне бір шеберлік-сағатына келгендей болады. 

Мәселен Флойд Мейвезер бизнеске бет бұрған, оның үстіне онда Канелодай күш жоқ. Сондықтан Конорға осыны ескеру керек", - дейді Сехудо өзінің YouTube арнасында. 

Айта кетейік, Мейвезер МакГрегорды бокс ережесімен айқаста 10-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport