Британиялық сарапшы Головкиннің чемпион титулы үшін жекпе-жегіндегі басты шиеленісті атады

© vringe.com
Бокс әлемнің сарапшысы британиялық Майкл Бенсон Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің басты шиеленісін атады.

"Головкинді мықты қарсыласпен көру қызықты болады. Роллспен жекпе-жек көптеген сұрақтар тудырды. GGG-ге Джонатан Бэнкс қаншалықты әсер еткенін келесі жекпе-жекте көре аламыз. Деревянченко қатардағы боксшылардан емес. Ол кез келгенге қиындық әкеледі. Головкиннен де, "Канелодан" да бір саты төмен, бірақ, жақсы айқас көрсете алады. Бұл "Канеломен" трилогия алдындағы жақсы тексеріс болады. Егер GGG мықтылығын көрсете алса, үшінші жекпе-жекке деген қызығушылық еселене түседі", - дейді Бенсон. 

Шетелдік сарапшы Головкиннің әлем чемпионы үшін жекпе-жегі нокаутпен бітерін айтады

Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін украиналық пен қазақстандық арасында жекпе-жек белгіледі. Енді боксшылардың командалары жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды таңдау қажет. Бұл үшін оларға 30 уақыт берілді, егер тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.