Британия чемпионы. Жәнібекке лайқыты қарсыласпен жекпе-жек ұсынылды

©Боксшының twitter желісінен

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) британиялық Нэтан Хинимен (18-0, 6 КО) жекпе-жек ұсынылды.

Бұл Нэтан Хинни өткен демалыс Манчестерде өткен бкос кешінде Жәнібектің бұрынғы қарсыласы Дензел Бентлиді (18-3-1, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңгеннен кейін болып отыр.

Бокс туралы жазатын Boxing Waffle атты твиттер желісіндегі аккаунт авторы Жәнібек пен Хини жекпе-жегін Сток-он-Трентте (Англия) қаласында өткізуді ұсынып отыр. Ал британиялық бокс жанкүйерлері бұл ұсынысқа бірден қолдау білдіре бастады. 

Айта кетейік, осыған дейін промоутер Фрэнк Уоррен, егер Бентлиді жеңсе, Хиниге чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырып беруді уәде еткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport