"Бір раундта". Испаниялық телеарна қазақстандық боксшыны "жыл нокауты" атағына ұсынды

Сурет: instagram.com/mtkglobal

Eurosport телеарнасының испаниялық нұсқасы қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) нокаутпен жеңісіне тамсанды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Дубайда өткен бокс кешінде Құлахмет венесуэлалық Эбер Рондонды (20-1, 13 КО) 72 нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші нокдаунға түсіріп, кейін бір соққымен сұлатты.

"Жыл нокаутына үміткер. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жылдың ең мықты нокаутына үміткерлердің бірі. Құлахмет бір раундта Эбер Рондонды әдемі жеңіп, бірінші орта салмақта WBC International титулын қорғап қалды", - делінген Eurosport.es айдарында.