BoxRec "Канелоны" ең мықты боксшылар тізімінен шығарып тастап Головкинді көтерді

Сурет: Тұрар Қазанғапов

BoxRec сайты салмағына қарамастан (P4P) әлемдегі ең мықты боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, рейтинг көшбасшысы болған мексикалық Сауль "Канело" Альварес тізімнен мүлде шығып қалды, ал төртінші орындағы қазақстандық Геннадий Головкин бір саты жоғарылап, үшінші болды. Тізімде бірінші Тайсон Фьюри, ал екінші америкалық Эррол Спенс.

BoxRec порталының Топ-10 рейтингі:

1. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания);
2. Эррол Спенс (АҚШ);
3. Геннадий Головкин (Қазақстан);
4. Деонтей Уайлдер (АҚШ);
5. Теренс Кроуфорд (АҚШ);
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания);
7. Мэнни Пакьяо (Филиппины);
8. Александр Поветкин (Ресей);
9. Сергей Ковалев (Ресей));
10. Шон Портер (АҚШ).