Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны өмірден өтті

20 желтоқсан 2022 15:14
©ҚБФ

Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров дүниеден өтті, деп жазады ҚБФ ресми сайты. Ол небәрі 53 жаста еді...

Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды. Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды, Атырау облысының құрметті азаматы болды.
 
Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы Теміров Болат Бисенұлының отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады...

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport