Бокстан Қазақстан чемпионатының қашан және қайда өтетіні белгілі болды

ҚБФ ©

Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының өткізілетін уақыттары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Басты мақсат – еліміздің барлық өңірінен келген мықты спортшыларды анықтау және ұлттық құраманы жасақтау, бапкерлер мен төрешілер жұмысын бағалау, сонымен қатар, алдағы жарыстарға дайындық" - дейді федерация.

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты тұңғыш рет 12 салмақ дәрежесінде, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шучинск қаласында "Жақсы" спорттық базасында 7-12 желтоқсан аралығында өтеді.

Еліміздің батыс өңірінде өтетін, ерлер арасындағы ел біріншілігі 13 салмақ дәрежесінде, Орал қаласы, Астана шағын ауданы 17, "Теннис орталығында" 14-24 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: